Испаниядағы орман өрті 435 гектар жерді шарпыды

Испанияның Портбоу қаласы маңындағы орман әлі өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол маңдағы демалыс орындарынан адамдар эквакуациялана бастады. Кеше басталған өрт 435 гектар жерге таралып үлгерген. Шаһардың электр желісіне нұқсан келіп, байланыс үзілген. Қалаға апаратын кей жолдар жабық. Отпен жүздеген өрт сөндіруші күресіп, тікұшақтар қолданылып жатыр. Бірақ жел жалынды өршітіп тұр, - дейді мамандар.