Нью-Йоркте блогердің кеші бүлікпен аяқталды

Нью-Йоркте танымал блогер Кай Ценаттың жанкүйерлер арасында ұтыс ойындарын өткізу кеші бүлікке ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Юнион-скверге жиналғандар іс-шара басталмай жатып бір-біріне шөлмек лақтырып, жиынның шырқын бұзған. Полиция бұзақыларды тыныштандыру үшін күш қолданып, 65 адамды қамады. Бұл бүлік үшін блогердің өзі айыпталуы мүмкін.

Айта кетейік, 21 жастағы Кай Ценат – АҚШ-тағы ең танымал блогердің бірі. Оның YouTube-та 4 миллион көрермені бар.

Лидж Хедли, шараға қатысушы:

- Шара бей-берекетсіз басталды. Алаңға жиналған адамдар бір-біріне түрлі заттар лақтырып, тәртіпсіздіктерге жол берілді. Полиция оларды тоқтатуға ұмтылғанда бұзақылар қарсылық танытып, тәртіп сақшылары күш қолдануға мәжбүр болды.