Қатты жауған нөсерден Австрияның оңтүстігінде су тасыды

Каринтия өңірінде тасқын жолдарды шайып кетіп, кейбір елді мекендермен байланыс үзілді.

Билік тұрғындарды үйлерінің жоғары қабаттарында болуға және көпірлерден аулақ жүруге шақырды. Лай көшкіні мен сел жүріп, осының салдарынан Австрия мен Словения шекарасында көптеген өткел жабылған.

БАӘ. Ағаштар құлап жатыр 

Дубайда дауыл тұрып, ағаштарды құлатып, ол ағаштар жолдарды бөгеп тастады. Толастамай жауған жаңбырдан кейін кейбір көшелерді су басқан. Ұлттық метереология агенттігінің мәліметі бойынша, келесі аптада да күн райы құбылып тұрады. Билік қала тұрғындарын жолда абай болуға және алыс сапарға шықпауға шақырады.