Хиросима қасіретін еске алу алу рәсімі өтті
Хиросима қаласында атом бомбасының жарылуынан қаза тапқандарды еске алу рәсімі өтті.
Жыл сайын Бейбітшілік саябағында өткізілетін рәсімді қала мэрі Кадзуми Мацуи ашты. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 55 мыңға жуық адам келген. Ел алдында сөз алған Хиросима мэрі әлемдегі барлық ядролық қаруды жоюға шақырды. Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 240 мың тұрғын қаза тауып, 163 мыңы зардап шекті. Қалада радиация тудырған ауру-сырқаулардың барлық түрі оның ішінде лейкемия, катаракта және пластикалық анемия көптеп тіркелді. Бүгінде Хиросимада қатерлі ісікке шалдыққан науқас саны Жапонияның басқа өңірлерімен салыстырғанда 10 есе көп.