Пәкістанның оңтүстігінде жолаушылар пойызы апатқа ұшырады
Пәкістанның оңтүстігінде жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 25 адам опат болды.
Елуден астамы жарақат алған. Апат Синд өңіріндегі Навабшах қаласының маңында болды. Пойыздың оннан аса вагоны шойын жолдан шығып кеткен. Құтқару жұмыстары әлі аяқталған жоқ, сондықтан құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Апатқа не себеп болғаны әлі белгісіз. Жалпы Пәкістанның теміржолдарының көбісі әбден тозған, отаршылық дәуірінен бері жаңғыртылған жоқ. Сондықтан елде осындай оқиғалар жиі болып тұрады.