Италияда орман өртінен жүздеген адам эвакуацияланды

Италияның Сардиния аралында орман отқа оранып, 600-дей адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалын Кальяри қаласына жақын жердегі орманнан шыққан. Табиғат апатына байланысты аймақтағы кей тасжолдар уақытша жабылды. Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресіп, ұшақтар пайдаланылып жатыр. Мамандар өртті сөндіруге жел кедергі келтіріп тұрғанын айтады.

 

Португалия мен Испанияда ормандар жанып жатыр

Португалия мен Испанияда да аптап ыстықтан ормандар тағы жанып жатыр. Пиреней түбегінде бірнеше өрт ошағы тіркелді. Ең ірісі Кашту-Бланку қаласына жақын жердегі алқапта шығып, 7 мың гектарға таралып үлгерген. Өртпен 300-ден аса техника мен тікұшақтар қолданылып жатыр. Ал Испанияда Франциямен шекараға жақын Кади шаһары маңындағы орман өртеніп жатыр. Мұнда да кей мекендерден тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру басталды.