«Барби»: әлемдік прокатта $1 млрд жинады

«Барби» фильмінен түскен табыс көлемі 17 күннің ішінде 1 млрд доллардан асты.

Билеттердің жартысы Солтүстік Америка тұрғындары сатып алған. Variety басылымының мәліметі бойынша, картинаның режиссері Грета Гервиг осынша рекордты көлемде ақша тапқан алғашқы әйел атанды. Бұл Warner Bros компаниясы үшін үлкен жетістікке айналды. Бұған дейін Гарри Поттер туралы фильм 19 күнде 1 миллиард доллар түсірген еді.