Қытайда тасқыннан 14 адам көз жұмды
Қытайдың Шулан қаласында «Доксури» дауылынан туындаған тасқыннан 14 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл аймақта өткен аптада 20 тұрғын қайтыс болған еді. Тағы 130 мыңнан астам кісі табиғи апаттан зардап шеккен. Цзилинь провинциясында 79 мың тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілді. Сондай-ақ Ухань қаласын да су басып, 40 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Тасқын 2800 гектарға жуық күріш алқабын шайып кеткен. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар бүлінген үй, жол және басқа егіс алқабының көлемін есептеуге кірісті.