Сауд Арабиясында күн 58 градусқа дейін ысыды

Сауд Арабиясында адам төзгісіз аптап ыстық болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен сенбіден жексенбіге қараған түні Дахран қаласында сынап бағанасы плюс 58 градусқа дейін көтерілді. Мұндай жағдай дәл осы шаһарда 2003 жылы шілде айында тіркелген. Ол кезде сынап бағанасы 81 градусқа жеткен еді. Ал метереологтардың айтуынша, адам үшін күннің ең ысу шегі 51,6 градус саналады.