Тәжікстандағы жол апаты: жүк көлігі 2 үйді қиратты

Тәжікстанда жүк көлігі бірнеше көлікті соғып, 2 үйді қиратып кетті. 

«Спутник» агенттігінің хабарлауынша, жол апатынан 10 адам ажал құшып, ондаған тұрғын жараланған. Қайғылы оқиға Душанбе-Хорог бағытындағы жолда болған. Елдің Ішкі істер министрлігі жүк көлігінің тежегіші істен шықты деп мәлімдеді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.