Тегеранда көп қабатты үйде жойқын жарылыс болды

Тегеранда көп қабатты үйде жойқын жарылыс болды

Тегеранда көп қабатты тұрғын үйде жойқын жарылыс болып, нысан жартылай қирап қалды.

Көрші үйлерге де айтарлықтай зақым келді. Осы уақытқа дейін құтқарушылар 12 адамды үйінді астынан алып шыққан. Үшеуінің жағдайы нашар. Төтенше жағдай қызметі өкілдерінің айтуынша, қиранды астында тағы бірнеше адам болуы мүмкін. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.