Қытайда тасқыннан 20 адам ажал құшты
Бейжің маңайында жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, салдарынан 20 адам ажал құшты.
Тағы 27 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғи апат,,, жолдарды бүлдіріп, ағаштарды опырып, электр желілерін үзді. Мыңдаған кісі уақытша паналау орталықтарына, мектептер мен басқа қоғамдық ғимараттарға көшірілді. Мамандар мұндай жауын-шашын мөлшері Бейжің үшін тосын жайт дейді, өйткені Қытай астанасының климаты әдетте құрғақ және қалыпты болып келеді. Биыл Бейжіңде соңғы 140 жылда болмаған жаңбыр жауды.
Као Шункуан, сарбаз:
- Жалпы ел бойынша тасқын салдарынан 16 қала мен 267 ауылда байланыс үзілді. Біз 98 шақырым жолды қалпына келтірдік. Зардап шеккен аймақ тұрғындарына 500 тоннадан астам керек-жарақ пен дәрі-дәрмек жеткіздік.