Ұлыбританияда толық жұмыс күні бойынша еңбек ететіндер азайды
Ұлыбританияда толық жұмыс күні бойынша еңбек ететіндер саны күрт азайып кетті.
Кейінгі 3 жылдағы ең нашар көрсеткішке жеткен. Бұл туралы Британияның Еңбекпен қамту конфедерациясының есебінде айтылады. Мамандардың айтуынша, нарықта толық жұмыс күніне қатысты белсенділіктің азаюына бизнеске деген сенімнің төмендеуі мен перспективаның жоқтығы әсер еткен. Мұндай қорытынды 400-ге жуық рекрутинг агенттік өкілдері арасында жүргізілген сауалнама негізінде жасалған.