Алтайда қойлар альпинистке айналды

"Әлемде талай қызық бар".

Алтайда қойлар альпинистке айналды. Олар 70 метрлік биік жартасқа шығуын шығып, кейін төмен түсе алмай қалған. Қожайындары ашатұяқтыларды түсірмек болған, бірақ бұл әрекеттері сәтсіз аяқталып, бірнеше қой құлап, опат болды. Сондықтан кәсіби мамандардың қызметіне жүгінуден басқа амал қалмады. Құтқарушылар жартасқа түсіп, әр қойды жеке-жеке биікке шығарды.