Токио тұрғындары АҚШ-тың әскери базаларына қарсы наразылық білдірді

Токиода жүздеген адам Қорғаныс министрлігі ғимараты алдына жиналып, наразылық білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шеруге шыққан жұрт Окинава аралындағы америкалық әскери базаның жабылуын талап етті. Өйткені оны күтіп-ұстауға көбіне Жапон үкіметі шығындалады екен. Бұдан бөлек, әскери базаның болуы аймақтағы ахуалды одан сайын шиеленістіре түседі, - дейді наразы топ.

Айта кетейік, бүгінде Окинавада 25 мың америкалық жауынгер тұрып жатыр. Жалпы Жапон жерінде АҚШ-тың 91 нысаны бар.