Норвегияда ауаны ластап келген зауыт жаңартылады

Норвегияда ауаны ластап келген зауыт жаңартылады

Норвегиядағы ең ірі сұйылтылған газ шығаратын зауыт ұлттық электр желісіне қосылады.

Жоба ауаға парниктік газдарды таратуды азайту үшін қолға алынып отыр. Себебі өндіріс ошағы бұған дейін газ электрстанциясынан қуат алып, ауаға жүздеген тонна көмірқышқыл газын бөліп келген. Бірақ кей тұрғындар үкіметтің шешіміне наразы. Олар бұл коммуналдық төлемақының қымбаттауына әкеледі деп отыр. Өйткені зауыт ортақ желіге қосылған соң елде электр энергиясын пайдалану жыл сайын 3,6 тераватт сағатқа ұлғаймақ.