БҰҰ Сирияны химиялық қару туралы конвенцияның талаптарын орындауға шақырды
Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия билігін химиялық қару туралы конвенцияның талаптарын орындауға шақырды.
Ұйымның осы қаруға тыйым салу жөніндегі бөлімінің мәлімдеуінше, ресми Дамаск химиялық қару мәселесі бойынша бірқатар құжатты тапсырмаған. Оның ішінде кей ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмысына қатысты толық мәлімет бермеген деп айыптап отыр. Сирия үкіметі болса елде мұндай қару жасалмағандығын айтады.
Адедеджи Эбо, БҰҰ-ның қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкілі:
- Сирияның кей мәселелерге қатысты берген мәліметтерінде сәйкессіздік бар. Сондықтан біз оларды Химиялық қару бойынша келісімге сай емес деп таптық. Сирия тарапы бұл олқылықтарды реттеу үшін Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйыммен бірлесіп әрекет етуі керек.