Пәкістан президенті парламентті таратты
Мемлекет басшысына мұндай кеңесті премьер-министр Шебхаз Шариф берген.
Енді елде жаңа сайлау өтуі мүмкін. Сарапшылар Пәкістанда былтырдан бері саяси және экономикалық дағдарыс орнағанын айтады. Негізі 5 жыл бұрын сайланған қазіргі парламент мүшелерінің мерзімі 12 тамызда аяқталатын еді. Премьер-министр уақытша үкіметті тағайындайды және 90 күннің ішінде жаңа парламент сайлауын белгілейді.
Амит Ранджан, сарапшы:
"Уақытша үкімет келгеннің өзінде және сайлаудан кейінгі үкімет те қазіргі қордаланған саяси-экономикалық мәселелерді бірден шеше алмайды. Бұл ұзақ уақытты қажет етеді. Ең үлкен ауыртпалық, Пәкістан Дүниежүзілік валюта қорынан көп несие алып алған. Қор біздің биліктен дағдарысқа бірнеше реформа жүргізуді талап етіп отыр. Бұл өзгерістер халыққа ұнамауы мүмкін".