Ким Чен Ын қолбасшыларды ауыстырды

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын қолбасшыларды ауыстырып, соғысқа дайындалуға шақырды.

Осы тұрғыда ол қару-жарақ өндірісін жандандыруды және әскери оқу-жаттығуларды көптеп өткізуді бұйырған. Бұл туралы жергілікті мемлекеттік телеарнаға сілтеме жасаған "Рейтер" агенттігі хабарлады. Жарияланған суреттерде Ким Чен Ынның Оңтүстік Корея аумағы мен астанасы Сеулді көрсетіп тұрғанын байқауға болады. Әзірге Қорғаныс министрі орнын сақтап тұр. Сарапшылар оның тағдыры әлі белгісіз дейді.