Норвегияда толассыз жауыннан бөгет жарылды
Норвегияда толассыз жауыннан елдің шығысында ірі гидроэлектрстанциясындағы су бөгеті жарылып, апатты жағдай туындады.
Қауіпті ауданнан 1 мыңға жуық адам шұғыл эвакуацияланды. Олардың 600-і ел астанасы Ослоның солтүстігіндегі мекен-дерден көшірілген. Гидроэлектрстанцияның өзін су басып қалды. Өңірде 100-ден аса жол бүлінген.
Эмили Энгер Мель, Норвегияның әділет министрі:
- Климаттың өзгеруінен елде алдағы уақытта экстремальды ауа райы жиілеп, дауыл, су тасқыны сынды табиғат апаты көбеюі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайларға дайын болу үшін, қазірден бастап әзірлікті күшейтуіміз қажет.