Ливанда қарулы топ мүшелерімен қақтығыстан екі адам көз жұмды
Ливанның Кахале қаласында «Хезболла» ұйымының мүшелері жергілікті тұрғындармен қақтығысып, 2 адам көз жұмды.
Олардың біреуі "Хезболла" сарбазы. Ал екіншісі бейбіт тұрғын. Әскери-саяси ұйымның өкілдері жүк көлігімен келе жатып, апатқа ұшыраған. Осы кезде жергілікті тұрғындар жиналып, оларға көмектеспей, керісінше қоршап, әрі қарай жібермей қойған.