Эквадорда президент болудан үміткер адамды өлтіріп кетті
Эквадорда президентке үміткер, опозиция өкілі Фернандо Вильявисенсиоға қастандық жасалды.
Қайғылы оқиға Кито қаласында тұрғындармен кездесуден кейін болды. Қасқөй 59 жастағы саясаткерді көлігіне беттей бергенде тапаншадан 3 рет атады. Ауыр жарақаттан кандидат жан тапсырды. Ал күдікті бірден қашпақ болған. Күзетшілермен атыс кезінде, ол жараланып, көп ұзамай қайтыс болды. Оқиға кезінде тағы 8 адам жарақат алды. Кей ақпарға қарағанда саясаткерге 3 адам шабуылдаған. Полиция олардың екеуін ұстаған.
- Саясаткердің өліміне сенер емеспін. Біз оны бірнеше сағат бұрын ғана көргенбіз. Оған арнайы көлік бөлініп, жақсы қорғаулары керек еді ғой. Ол қаза болды дегенге әлі сен алмай тұрмын.