Түркияда инфляция деңгейі 9,49%-ке өсті

Бұл – былтыр қаңтардан кейінгі ең жоғары көрсеткіш.

Анадолы елі экономикалық сынақпен күресу үшін барын салып жатыр. Алайда оның өзі жеткіліксіз болып тұр. Себебі қалтаны қаққан қымбатшылық ырыққа көнбей тұр.     

Түркия үкіметі инфляцияны ауыздықтауға бар күшін салып жатыр. Алайда оның тұрақтайтын түрі жоқ. Елдің статистика институтының мәліметінше, азық-түлік бағасы шілдеде 9,49%, ал жылдық өсім 47,83% көрсетті.

Бағаның ең үлкен жылдық өсімі, яғни 82,62% қонақ үй, дәмхана мен мейрамханаларда байқалды. Медициналық қызметтер 76%-ке қымбаттады. Ал бағаның баяулығы тұрғын үй секторында байқалды. 19,31% көрсетті. Тасымалдау қызметі бір айда 17,75% қымбаттады.

Эсугай Бесджи, тұрғын:

- Бүкіл әлемде инфляцияның осы үрдісте екенін көріп отырмыз. Біз де солай. Бұған жол бермеу үшін жалақы да айтарлықтай өсті. Шілде айында ол шамамен 70%-ке өсті. Дегенмен бағаның өсуі бағаланған жалақыны ерітуде.

Сапаршылардың пікірінше, бағаның өсуіне орталық банктің пайыздық мөлшерлемені төмен ұстауы, жазғы маусымдағы астық бағасының қымбаттауы, сыртқы нарық конъюнктурасына байланысты жанармайдың көтерілуі себеп.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Назар аударсаңыз, бұл процесте бізде ешқашан ымыраға келмейтін 2 нәрсе бар. Бірі – жұмыспен қамту, екіншісі – өсім. Көптеген ішкі және геосаяси мәселелердің қабаттасуына байланысты инфляция деңгейін тағы бір таңбалы санға түсіреміз.

Қымбатшылық әсіресе қарапайым тұрғындардың қалтасын қақты. Үкімет арнайы бағдарлама қабылдап, қымбатшылықпен күрсті күшейткенімен, маңызды сектордағы баға бой бермесі анық. Сондықтан оңтайлы жол, еңбекақыны өсіру болып тұр.