Мауи аралында алапат өрттен 36 адам ажал құшты
Гавайидің Мауи аралында алапат өрт шығып, ондаған гектар орман алқабы әп-сәтте күлге айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қызыл жалынның тез арада өршігені сонша, жақын маңдағы елді мекендерге шейін жеткен. Турист көп келетін Лахайна қаласынан түк қалған жоқ. Өрт салдарынан 36 адам ажал құшты. Қолда бар мәлімет бойынша, емханаларда бос орын жоқтың қасы.
Айта кетейік, тілсіз жаудың кесірінен аралдың 10 мыңнан астам тұрғыны жарықсыз отыр. Байланыс та жоқ. Ал өрт сөндіруші мамандар екпінді желге байланысты қызыл жалынды ауыздықтай алмай жатыр. Оттан қашқан адамдар мұхитқа суңгуге мәжбүр. Жағалау күзеті судан 12 адамды шығарып алды.