Бішкектегі Абай орталығына келуші көп
Бішкекте 3 жыл бұрын ашылған Абай орталығы – шаһардағы танымал орындардың бірі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Рухани азық іздеген жандар үшін үнемі есігі ашық. Екі елдің іскер топтары да осы жерде талай рет кездесті, маңызды келісімдер жасады.
Бішкектегі Абай орталығы 2020 жылы ашылды. Мұнда ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар, монографиялар мен публицистиканы табасыз. Орталықтың жалпы ауданы – 420 шаршы метр. Оқу залынан өзге келіссөздер бөлмесі және үлкен конференция залы жұмыс істеп тұр.
Махаббат Молдалиева, қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:
- Маусым айының басында Талдықорған облыстық театр мұражайының көрмесі өтті. Театрдың өмірі мен репертуары туралы көптеген экспонат мен картина қойылды. Содан кейін біз мұнда белгілі қазақстандық жазушы Нұрдәулет Ақыштың қазақ мәдениетінің тарихы туралы жаңа әдеби еңбегін таныстырған кітабының тұсаукесерін өткіздік.
Ақын-жазушылардың кездесулері, әдебиетшілердің симпозиумдары және қазақ, қырғыз авторларының шығармалары бойынша оқулар өтіп тұрады. Абай орталығының бағдарламасы осылай алдағы бірнеше айға жазылған.
Нұржігіт Қадырбеков, Жоғарғы Кеңес депутаты:
- Бұл – мәдени, гуманитарлық жоба. Біз өзара әрекеттесуді одан әрі тереңдетіп, бір-бірімізді одан да жақын түсінеміз. Сондықтан бұл орталықтың екі мемлекет қарым-қатынасын дамыту үшін маңызы зор.
Алықұл Осмонов атындағы Ұлттық кітапханада бірнеше тақырыптық залдар мен мәдени орталықтар бар. Оның бірігейі – Абай залы екі ел арасындағы рухани көпір ретінде қызметін жалғастыра бермек.
Авторлары: Сымбат Ғалымжанқызы, Бақыт Чермашев.