Норвегияда су тасқынына байланысты 4 мың адам эвакуацияланды
Норвегияның оңтүстік-шығысында су тасқынына байланысты 4 мың адам шұғыл эвакуацияланды.
Себебі бірнеше күн бойы жауған жаңбырдан өзендер тасып, елді мекендерді су басып жатыр. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Кей мәліметке қарағанда таулы өңірлерде лай көшкіні қаупі күшейген. Қазіргі таңда жүзден астам тасжол уақытша жабылды.
Толассыз жауыннан шаһарды су басты
Ал Канада астанасы Оттавада толассыз жаңбыр жауып, көп ауданды су басты. Шаһарда көлік қатынасы қиындаған. 24 мың тұрғын электр энергиясынан ажырап, жарықсыз отыр. Қазір қалада табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.