Түркияның Малатия провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі болды

Түркияның шығысындағы Малатия провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі болып, 23 адам жарақат алды.

Зілзала ошағы Ешлиюрт ауданы маңында 7 шақырымдай тереңдікте тіркелді. Дүмпу аймақтағы бірнеше ірі қалада сезілген. Жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ. Еске сала кетейік, биыл ақпанның 6-сы күні Түркияның 11 провинциясында алапат жер сілкіністері болып, 50 мыңнан астам адам қаза тапты. Тағы ондаған мың тұрғын жарақат алды.