Техас штатының фермерлері қуаңшылықтан орасан зор шығынға батты

Техас штатының фермерлері ұзаққа созылған қуаңшылықтан орасан зор шығынға батты.

Екі жыл бойы бұл өңірде, аптап ыстық қысып тұр.  Салдарынан көлдер мен өзендер тартылып, жайылымдарда шөп аз шыққан. Өткен жылы осының кесірінен Шығыс Техастағы ран-чо иелері 3 миллиондай ірі қара малды, сатуға мәжбүр болды. Клима-тологтар алдағы 10 жылда өңірде осындай, ыстық ауа-райы әдетке айналады деп ескертті.

Дэвид Хендерсон, ранчо иесі:

- Кең жайылымдарымыз бар, бірақ қуаңшылықтың кесірінен шөп қурап кетті. Малға жем болмағандықтан, оны сатуға тура келеді.

Қытайда дауыл ескертуі жарияланды

Осыған дейін Жапония мен Оңтүстік Кореяны жайпап кеткен "Ханун" тайфуны Қытайдың солтүстік-шығыс жағалауына бағыт алды. Қатты соққан дауылдан өзендер арнасынан асып, су тасу қауіпі төнді. Осыған байланысты ел билігі қатердің көк деңгейін жариялап, жергілікті тұрғындарды алдын ала қамдануға шақырды. Қытай әскерінің жауынгерлері, өзендердің жағаларын бекітіп жатыр.