АҚШ-тың Мауи аралындағы орман өртінен опат болғандар саны 53-ке жетті
Бірнеше күнге созылған өрттен Лахайна курортты қаласы түгелдей жанып кетті.
Өңірдегі ауруханаларда орын жоқ. Аралда табиғат апатына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Туристер жаппай эвакуацияланып жатыр.
Стефон Йович, турист:
- Біз бүгін Лахайна қаласының маңынан жүріп өттік. Шаһар тып-типыл жанып кеткен. Ол жерде тіпті қала болмағандай әсер қалдырады.
Ал Канаданың Британиялық Колумбия провинциясында, ормандар әлі жанып жатыр. Табиғат апатына байланысты 600-ден аса адам эвакуацияланып, тағы 4 мың тұрғынды қауіпсіз жерге көшіру қарастырылып жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, аймақта 400-дей алқап лаулап жатыр. Тілсіз жаумен жүзденген өрт сөндіруші күресіп, ұшақтар қолданылуда. Синоптиктер алдағы күндері өңірде күн қайта ысып, орман өрті өрши, түсуі мүмкін деп отыр.