Д. Трампқа қарсы сот қаңтарда басталуы мүмкін
Дональд Трампқа қарсы сот процесі келесі жылдың қаңтар айында басталуы мүмкін.
Қылмыстық іс қозғаған прокурорлар федералдық сотқа осындай өтініш жіберді. Мерзімі нақтыланса, сот процесі республикалық партия ішінде өтетін праймериз қарсаңында басталады.
Дональд Трамп 2024 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысуға ниетті. Алайда оған өту үшін партиядан іріктелуі тиіс. АҚШ-тың бұрынғы президентіне 2020 жылғы сайлау нәтижесін бұрмалау мақсатында қастандық жасады деген ресми айып тағылған. Трамп – Америка Құрама Штаттарының тарихында үстінен қылмыстық іс қозғалған алғашқы экс-президент.