Мәскеуде қызылша ауруы өршіп тұр
Мәскеуде қызылша дерті тағы өршіді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл жолы ауру базар қызметкерлерінен анықталды. Оларға жұқпалы ауруға қарсы екпе егілді. Бірақ дәрігерлер індеттің таралу қаупі әлі де жоғары деп отыр.
Ресейде мұндай жағдай наурыз айында болған еді. Ал сәуірде кесел елдің 40 аймағында тіркелді.