АҚШ-та мектеп құралдары күрт қымбаттады
АҚШ-та биыл мектепке арналған тауарлар күрт қымбаттап, былтырғы жылдың рекордты көрсеткішінен асып кетті.
Бағаның шарықтауына инфляция себеп болып тұр. Ұлттық сауда федерациясының мәліметінше, биыл ел тұрғындары балаларын мектепте оқыту үшін 41 жарым миллиард доллар жұмсайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 36 миллиард 900 миллион доллар болған.