Мауи аралында өрттен қаза тапқандар саны 67 адамға жетті
Гаваийдағы орман өртінен көз жұмғандар саны 67-ге жетті.
Бірақ қаза болғандар бұдан да көп болуы мүмкін. Жергілікті билік осылай дейді. Өйткені от шарпыған жүздеген ғимарат пен үйге әлі тексеру жүргізілмеген. Айта кетейін, Гаваийдің Мауи аралындағы алапат өрт 8 тамызда басталды. Содан бері мамандар қызыл жалынды ауыздықтай алмай келеді. Тілсіз жаудың күшеюіне байланысты АҚШ президенті Джо Байден аймақта төтенше жағдай режимін жариялады.