Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны қайтадан артып келеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген мәлімет бойынша өткен айда вирус жұқтыру деректері 80 пайызға өскен.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, кейінгі 28 күнде дүниежүзі бойынша 1,5 адам науқас деп танылып, 2,5 мыңға жуығы көз жұмған. Инфекцияға шалдыққандардың дені Тынық мұхитының батысында орналасқан елдерде анықталған.