Боливияда әуежай аумағы өртенді

Боливиядағы Виру-Виру әуежайының аумағында алапат өрт шықты.

Тілсіз жау тез тарап, ұшу-қону жолағына жетіп қалған. Осыған байланысты әуе айлағы уақытша жұмысын тоқтатты. Барлық қызметкер эвакуацияланды. Қазір оқиға орнында ондаған өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ресми дерек бойынша жалынға аптап ыстық пен құрғақшылық себеп болған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жайлы әзірге ақпарат жоқ.