Колумбияда 2 тонна есірткі тәркіленді

Колумбияның әскери-теңіз күштері есірткі саудасына қарсы ауқымды операция өткізді.

Нәтижесінде 2 тонна есірткі тәркіленді. Оның құны 55 миллион долларға бағаланып отыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бір топ азамат күмәнді затты 3 қайықпен Орталық Америка елдеріне жеткізбек болған. Колумбияның арнайы қызметі бұған дейін де сүңгуір қайықпен кокаин тасымалдағандарды ұстаған еді.