Францияны қымбатшылық қысты
Француздар тамаққа көп шығынданғысы келмейтін болған.
Кейінгі бір жарым жылда сұраныс 11 пайызға төмендепті. Бұл 1980 жылдан бері болмаған жағдай. Сарапшылар бұған азық-түліктің қымбаттауы себеп дейді. Тамақтан бөлек тұрғындар өзге тауарлардың да арзанын іздейді. Негізі қазір тек Франция ғана емес, Еуроодақтың өзге елдерін де қымбатшылық жайлаған.