Ресейдегі Приморье аймағында ТЖ жарияланды
Ресейдің Приморье өлкесінде "Ханун" тайфуны ойран салып, соңы су тасқынына ұласты.
Осыған байланысты 9 ауданда төтенше жағдай жарияланды. Қазір 28 елді мекенге қатынау мүмкін болмай тұр. Мұнда гуманитарлық көмек тек тікұшақтармен ғана жеткізіледі. 4 жарым мыңнан аса үй бүлінген. Су шайып кеткен жолда есеп жоқ. Өңірдегі екінші ірі қала - Усурийскіде құрылысы бітпеген дамба жарылды. Соңғы мәлімет бойынша табиғат апатынан 3 адам опат болған. Қазір тасқын салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.