Қытайда су тасқыны салдарынан 21 адам көз жұмды
Қытайда су тасқыны мен лай көшкінінен 21 адам опат болған.
Із-түзсіз жоғалып кеткен 6 кісі әлі табылған жоқ. Елдің орталық бөлігінде орналасқан СиАнь қаласында жұмадан бері нөсер толастар емес. Біраз жол мен көпірді су шайып кеткен. Ондаған электр станциясы зақымданған. Өңірде іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Осы Сиань қаласынан бөлек шығысымыздағы көрші елдің тағы бірнеше аймағында қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланған. Өйткені алдағы уақытта тағы жауын селдетеді деген ақпар бар.