Италияда әуе билеттерінің бағасын өсіруге тыйым салынды
Италия үкіметі әуе билеттерінің бағасын қымбаттатуға тыйым салды.
Бұл ереже елдің құрлық бөлігі мен Сардиния және Сицилия аралдарының арасына қатынайтын ішкі рейстерге қатысты. Өйткені осы бағыттарда ұшақ билетінің бағасы күрт көтеріліп кеткен. Бірақ биліктің шешіміне әуе компаниялары қарсы. Енді үкіметтің бұл бастамасын Италия депутаттарының палатасы қарастыруы керек. Жақында жергілікті билік банктерге үстеме табысына қосымша 40 пайыздық салық енгізген еді. Бұл шешім де қаржы мекеме басшыларының көңілінен шықпады. Өйткені банктер 10 миллиард еуродай табысынан қағылған.