Гавай аралдарындағы Лахайна қаласы түгел жанып кетті

АҚШ-тың Гавай аралдарындағы Лахайна қаласы түгел жанып кетті.

Жасыл желекті, курортты қаладан түк қалған жоқ. Орман өртінен 96 адам қаза болды. Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Арал тұрғындары осыдан 63 жыл бұрын болған табиғат апатының ауыр салдарын еңсерген. Сол кезде соққан цунамиден 61 адам қаза болған еді.