АҚШ-та әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырады

Оқиға Мичиган штатында, Виллоу әуежайының жанында болды.

Абырой болғанда, шоу көрсетіп жатқан ұшқыштар аман қалды. Қазір олар әр түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. МиГ-23 ұшағы тұрғын үйдің жанындағы автотұраққа құлаған. Күл-паршасы шыққан әуе кемесінің сынықтары бірнеше автокөлікке тиген. Бұл оқиғадан кейін шоу бірден тоқтатылып, көрермендер аумақты тастап кетті. АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы апатты тергеуге кірісті.