Қытайда жойқын торнадо ойран салды
Кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Табиғи апат Цзянсу провинциясының тұрғындарына қауіп төндіріп тұр. 15 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Егін алқаптары зақымданып, ғимараттар шатыры ұшып жатыр. Дауыл күндіз Шанхайдан солтүстікке қарай бірнеше сағаттық жерде басталған.
Айта кетерлігі, соңғы жылдары Қытайда ауа-райының күрт өзгеруі байқалады. Биыл жазда рекордтық деңгейде жауын жауып, су тасқынынан елдің бірнеше аймағы зардап шекті. Әсіресе, Сиань қаласы лай көшкіні әлегіне түсті. Соңғы ақпарат бойынша, 21 адам опат болды.