Гавай аралдарындағы өрт құрбандарының саны 96 адамға жетті
Гавай аралдарындағы алапат өрт құрбандарының саны 96 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кейбір аудандарда өрт сөндірушілер әлі күнге дейін тілсіз жаумен арпалысып жатыр.
Еске салсақ, өткен аптада туристер көп келетін Мауи аралында орман өртенген. Тынық мұхитынан соққан Дора дауылының екпінімен от лезде үлкен ауданға тарап кетті. Жасыл желекті курортты Лахайна қаласы толығымен жанып кетті. Бұл – соңғы 100 жылда Америкада адам шығыны ең көп болған өрт.