Үндістандағы лай көшкіні: ондаған адам опат болды
Үндістанның Химачал-Прадеш штатында толассыз жауған нөсерден лай көшкіні мен сел жүріп, 21 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Көп адам жиналған ғибадатхананы лай басып қалған. Үйінділер астында әлі де 20-25 адам қалуы мүмкін. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік өкілдері жұртты жолға шықпауға шақырады.
Жалпы муссон маусымы басталғалы Химачал-Прадеш штатында 260-тан аса адам опат болған.