Бір аяғы жоқ спортшы турникке 161 рет тартылып, рекорд жасады
Бір сағатта турникте 161 рет тартылған египеттік спортшы Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді.
29 жастағы Әбдел Кадерге осыдан жеті жыл бұрын акула шабуылдап, ол бір аяғынан айырылған еді. Осыдан кейін жас жігіт психологиялық жағдайын жақсарту мақсатымен дене шынықтыра бастады. Рекорд қоюды көздгеген жоқ. Дегенмен күн сайын жаттығып, жоғары жетістікке қол жеткізді.