Канадада орман өрті өршіп тұр

Канаданың солтүстік-батыс аймағында  орман өрті өршіді.

Жалпы көлемі 2,1 млн гектарды құрайтын солтүстік орманның 233 жерінде өрт шыққан. Қазір оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Жақын маңдағы елді мекендерден тұрғындар эвакуацияланды.

Колумбия астанасы Богота маңында да орман өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге фермерлер мен еріктілер көмектесіп жатыр. Белгілі болғаны, қызыл жалын 60 гектарға жайылған. Жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшуде. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Фернандо Родригес, ерікті:

- Бізде су сорғысы және төрт өрт сөндіру машинасы бар. Каноас ауданындағы орман өртін сөндіруге келдік.