Үндістанда этносаралық шиеленістен жабылған мектептер қайта ашылды

Үндістанның Манипур штатында мектептер қайта ашылды.

Аймақтағы этникалық шиеленіс салдарынан оқу орындары бірнеше айға жабылған болатын. Ұстаздар қауымы тұрғындарды бейбітшілікке шақырды. Естеріңізге сала кетейік, Үндістанның аталмыш штатында мамыр айынан бастап этносаралық қақтығыс орын алды. Куки жергілікті ұлтының өкілдері мей-тей тайпасына қарсы наразылықтарын білдірді. Ел билігі шиеленісті тоқтату үшін білім ошақтарын жауып, жалған ақпараттардың таралуын тоқтату мақсатында интернетті бұғаттаған болатын.