Доминиканда зауыттағы жарылыстан үш адам көз жұмды
Доминикан Республикасында пластик өндіретін зауытта жарылыс болды.
Салдарынан үш адам көз жұмды. Ішінде 4 айлық нәресте бар. Қайғылы оқиға оңтүстік провинциялардың бірінде болды. 28 адам түрлі жарақатпен ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары төтенше жағдайдың себебін білу мақсатында тергеу шараларын бастады.