COVID-19 әлі де қауіпті!
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай мәлімдеме жасады.
«"Эрис" атауы берілген жаңа штамм - жылдам қарқынмен таралады және өте жұқпалы», -дейді ғалымдар.
И-Джи 5 (EG5) немесе "Эрис" - коронавирустың жаңа штамы. Оның белгілері бұған дейін көпке мәлім болып үлгерген омикронмен қатты ұқсас, дейді ақ халаттылар. Эрис алғаш рет 2023 жылдың ақпанында анықталып, қазір 51 елге таралып үлгерді. Оның ішінде Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және Канадада көп тараған. ДДСҰ мәліметі бойынша, әлемдегі коронавирустың оң сынақтарының 17 пайызы "эрис" штамының белгілерін көрсетеді.
Швейцария, Женева
Мария Ван Керхове, COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі сарапшы:
- Штамның таралу қарқыны алдағы уақытта өседі. Дертті бақылау оңай емес. Себебі вирустың ошағын дәл айту мүмкін болмай тұр.
Ғалымдардың пайымынша, анықталған вирус денсаулыққа аса қауіп төндірмейді. Дегенмен, өзге дерті бар адамдарға тестен өткен абзал. Өйткені мутацияланған вирустың денсаулыққа қалай әсер ететінін болжау мүмкін емес.
Мария Ван Керхове, COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі сарапшы:
- Көптеген елде соңғы жылдары ковидке қарсы сақтық шаралары күшейтілді. Клиникалық көмек, инфекциялардың алдын алу - болашаққа салынған инвестиция. Аталған әдістер ковидтің әр түрлі штамында қолданылады.
ДДСҰ пандемия кезінде қатаң сақталған аурудың алдын алу шаралары елеусіз қалып жатқанына алаңдаулы. Ұйым сарапшылары коронавирустың кез келген штамынан қорғану жолы - гигиеналық, санитарлық қорғану тәсілдері екенін еске салады.
Авторы: Сымбат Ғалымжанқызы